Доллар 7 теңгеге арзандады

3589
Adyrna.kz Telegram

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 7,25 теңгеге арзандап, 487,75 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 наурыздағы доллардың ресми бағамы 495,00 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 487,26 теңге, сату – 492,84 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 486,09 теңгеден сатып алынып, 491,48 теңгеден сатылуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер