Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылып жатыр

3164
Adyrna.kz Telegram

2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 32-бабына сәйкес Үкімет қаулысы шыққан болатын. Ал бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қолы қойылған запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

“Әскери қызметті өтеу үшін әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын”, — делінген құжатта.

Құжат primeminister.kz сайтында жарияланды. Қаулыда көрсетілгендей, Қарулы күштерге 150 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 адам шақырылған. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 11 наурызда қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ, еліміздің әскеріне жазға дейін 17 мың адам шақыруды жоспарлап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер