Сонда – Шыңғысхан «қазақ» па, жоқ «қазақ емес» пе? Күтпеген жауап

8593
Adyrna.kz Telegram

Қазақ тарихының ең басты мәселелердің бірі – «Шыңғысхан қазақ па, жоқ қазақ емес пе?» деген сұрақ. Бұл мәселеге қатысты қоғамда және ғалымдар арасында екі қарама-қарсы пікір бар. Бірінші тарап «бұл рас екен» деп мәлімдейді, өйткені Шыңғысхан ұлысының (халық-әскерінің) негізін құраған рулардың көптігі қазақ халқының құрамына енді: наймандар, керейлер, меркіттер, жалайырлар және т.б. Ал қазақтағы «Шыңғысхан әулеті» (династия) бір бөлек «төре» руына бөлген. Қазақстан территориясының өзі Шыңғысхан империясының өзегіне кіріп, 19-шы ғысырға дейін Шыңғысхан ұрпақтарынікі болған. Ал осы теорияның қарсыластары «бұл түсіндірім саяси мақсаттар үшін, әрі негізсіз сүйреленген» деп айтады.

Сонда кімдікі дұрыс? Мен бұл мәселеге үшінші жағынан қарап, жаңа көзқарасын ұсынамын.

Бейтарап тарихшы-көшпенділер танушылардың көзқарасынан есептесек, Шыңғысхан кім болған? Ол Еуразиялық көшпелілер өркениетінің дамуының ең биік шыңы, тарихтағы ең ұлы көшпелілер империясын құрған билеуші болған. Шыңғысхан империясы - салыстырмалы масштабтағы барлық бұрынғы көшпелі империялардың (ғұнну, Түрік қағанаты, т.б.) ең жақсы жетістіктерін пайдаланып, оны жаңа деңгейде біріктірген. Кейінгі бірде-бір көшпелі империялар (Жошы-ханның Ордасы (Алтын Орда), Тамерлан империясы, Жоңғар империясы) Шыңғысхан империясына тіпті жақындай алмаған.

Ал бейтарап тарихшы-көшпенділер танушылардың көзқарасы бойынша «қазақтар» деген кімдер екен? Бүгін қазақстандық және орыстілді-шетелдік тарих ғылымында «қазақ», «қазақылық» және «қазақыландыру» терминдері алғашқыда «ұлттың» емес, «өмір сүру салтын» білдіретін болғанын кең қабылдаған. Бұл концепция енді ағылшынтілді ғылымға да еніп үлгерді – 2016 жылы «Qazaqlïq, or Ambitious Brigandage, and the Formation of Qazaqs» кітабы жарық көрді. Оның авторы - Джо-Юп Ли, Торонто университетіндегі түркі-парсытану ғылымының кандидаты, «қазақ» терминінің тарихын және оның Қазақ хандығының қалыптасуына ықпалын жан-жақты ашады.

Оның үстіне, «қазақ» деген термин «Қазақ хандығы» аты болғанына дейін көп ғасырлар бұрын пайда болған. Яғни, басында «қазақылар» - бұл өздеріне ұнамаған ханның билігінен шығып, «казак» режиміне өткен көшпелілердің бірлестігі. Яғни, физикалық түрде айтқанда ханның елінен көшіп, басқа жерде өз қалаулары бойынша өмір сүре бастаған.

Әдетте, «қазақлар, казаки» билеушіні (хан, атаман) қарапайым әскери демократияның заңдары бойынша, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын. Ал егерде ол өз халқының талаптарын орындамаса, оны кез келген уақытта биліктен босату мүмкін еді.. Мысалға, еркін «Сечь казактарының» атаманы өз билігін жыл сайын дауыс беру арқылы бекітуі керек еді. Ал көшпелі қазақтардың арасында, егерде хан халықтың қызметіне лайықты болмаса, бүкіл халық одан көшу мүмкін еді. Мысалға, халыққа ұнамаған Бұрындық-хан осылай өз елінен айрылып,  «халықсыз хан» болып, Даладан біржолата кетіп, Самарқан қаласында ұмытылған күйінде қайтыс болған.

«Қазақылықтың» екі тарихи үлгісін– Шығыс Еуропалық «Сечь казактары» мен Қазақ хандығын қарастыратын болсақ, онда бұл үрдістері өте жақсы байқалады, әсіресе олардың ең пайда болған кезде. Казак Сечьтер де, Қазақ хандығы да, өз экономикасы, әскері, ішкі және сыртқы саясаты бар, тәуелсіз мемлекеттері болған. Сонымен бірге олар негізі «өзіндік зат» болған, және көршілес мемлекеттердің ешқайсысына да жатпайтың, соның ішінде олардың бұрыңғы «қазағып шыққан» мемлекеттері. Мысалға, болашақ қазақтар Әбілқайыр Шайбани хандығынан бөлініп шыққан.

Отырықшы халықтармен салыстырғанда, көшпенділерінің «қазақылығының» осындай қантөгіссіз кетуі - ерекшелендіретін қасиет екен. Себебі, егерде отырықшы халықтар бар билигіні ұнатпаса, олар одан тек «революция», қанды төңкеріс арқылы құтыла алады. Ал кейбір «қазақылық» шыққан мемлекеттері, халықтың бөлігінен айырылып, өз бар болуын жалғастырған еді. Мысалыға -  айтылған қазақтар кетуден кейін қалған Шайбанид мемлекеті.

Сонда осындай «қазақылық» Шыңғысханның тұлғасымен қалай сәйкес келеді?

Шыңғысхан Ұлы Даладағы қанды әрі бітпейтін өзара қақтығысын тоқтатып, барлық тайпаларды бағыныштылыққа әкеліп, оларға заң, тыныштық, қауіпсіздік орнатқан билеуші ретінде танымал болды. Оның билігі кезінде және оның қайтыс болғаннан кейін де біраз уақыт, бұрын қауіпті Ұлы Далада енді алтынмен және қорғансыз саяхаттау мүмкін болған. Әлеуметтік әділетсіздік барынша азайтылған, сонымен қатар меритократия негізінде қуатты «әлеуметтік лифттер» жұмыс істеген - бұл кез келген адамға, шыққан тегіне қарамастан, мансап пен өмірде бұрын-соңды болмаған биіктерге жетуге мүмкіндік берген. Тиімді мемлекет, әділ салық жүйесі, ашық басқару, толерантты идеология және біртұтас ақпараттық кеңістік құрылған еді, Бұл жүйесі Шыңғысханның атақты пошта қызметінің арқасында тіршілік еткен. Осындай пошта кейінгі ғасырларда бүкіләлемдік пошта жұмысына негізгі прототипіне айналды.

 

Бірақ, Шыңғысхан дәл осындай еркін «қазақылықтың» жақтаушы еді ме? Жас кезінде, Темүжінның (болашақ Шыңғысханның) әкесі Есугей-Бағадыр қайтыс болғаннан кейін, оның отбасы ұзақ уақыт бойы «қазақыландырған». Сол үшін, Шынғысхан бұл құбылыспен жақсы таныс болған. Өкінішке орай, Темүжін отбасының «қазақыландыруы» өте сәтсіз болған – әкесі жоқ және руластарының көмегінсіз отбасы үнемі қуғын-сүргінге, тонауға, қорлауға ұшыраған. Ақырында Темүжіннің өзі қорлайтын әрі қауыпты тұтқынға түскен, ал тұтқыннан үйіне оралған сон бірнеше жылдан кейін оның әйелі де күшпен алынды.

Ия, дәл «қазақылық» Темүжіннің мінезің мықты қалыптасқан, сол үшін ол кейін Шыңғысхан болып кеткен. Бірақ ол оны жақсы көрмеген, және де өз балаларына мұндай үлесті қаламаған. Сондықтан ол сол кездегі Далада мүмкіндігінше, халықтың өмірін болжауға болатын мемлекет құрды. Бірақ, ол керемет табысқа қол жеткізіп, тарихтағы ең ұлы көшпелілер империясын құрғаннан кейін, кейінірек оның ұрпақтары жас ханзадаларының мінезін қалыптау үшін, және олар «шынайы өмірдің» дәмін тату үшін, жас кезінде міндетті түрде біраз уақыт «қазақыландыру» керек деп есептелген.

Бірақ, Шыңғысханның өзі қатыгездікпен шектесетін қатаң тәртіп пен зандық жақтаушысы болған. Еш жалтақтаусыз ол қанағаттанбағандарын басып, «көтерілістерін қанға батқызып», көршілес тайпаларды, халықтарды, мемлекеттерді өз жүйесіне күштеп бағындыру арқылы келтірген. Ол «әмбебап әлемдік тәртіп» (өркениет) құрдым деп сенген шығар. Және де өның жойқын жаулап алулардың бір мақсаты –  ол Еуразиядағы басқа халықтарын қаласа да, қаламаса да дәл осы «өркениетке» келтіруды тырысқан.

Демек, Шыңғысхан «қазақылыққа» тікелей қарсылас болған шығар. Ол тәртіп пен басқарушылықты, орталықтандырылған билікті, ортақ заңның үстемдігін орнатқан. Яғни, негізі «қазақлық» бүкіл Шыңғысхан ұнатқан нәрселерге қарсы болу үшін пайда болған. Еркін дала көшпелілерге қандай да бір шектен тыс шыққан билік, және олардың жеке өмірге қол сұғуы шыдамсыз еді. Олар өз ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріне, ру билеушілеріне, батырларға, билерге, бектерге, халық арасынан шыққан адамдарға артық көрген. Алыстағы хан оларға шынжырдың қажетсіз артық үзбесі болып көрінді - жабайы жылқыларға тізгін, ер-тоқым таққаны ұнатпайтыны сияқты.

Бір қызығы, Темүжіннің андасы (атаулы ағасы) және кейінрек антты жауы – Жамұқа-Сечен – «қазақылықтың» анағұрлым көп жақтаушысы болған. Бір кездері олар бір-бірімен қайғы мен қуанышын бөлісетін атаулы ағалар ретінде бірге өмір жолға шыққан. Бірақ кейін олардың жолдары тіпті айырылды - соншама, Жамұқа Темүжінге қарсы одағының жаны болып, оны ұзақ жылдар бойы жеңілістің қырында ұстаған. Сонымен бірге, Жамұқа одан да көп «қазақылық» құндылықтарын ұстанушы болған, өзгерген түрде болса да, Яғни, дала әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің басымдылығы, рулық элита мен өзін-өзі басқаруы, қатаң орталықтандырудың болмауы, өзанықтама бостандығы және т.б. Сондай-ақ, Жамұқа-Сеченнің «ғаламды жаулап алу» жоспарлары болмаған деп болжауға болады, өйткені «жаһандық ұмтылары» қарапайым көшпелілерге жат.

 

Темүжін мен Жамұқа арасындағы терең қайшылықтардың болғандықтан, Жамұқаның жақтастары оны «гурхан» етіп сайлады. Гурхан деген «бір-біріне тең рулар одағын» басқарушысы, шын мәнінде «көшпелі конфедерациясының» ханы. Ал Темүжіннің жақтастары оны керісінше «Шыңғысхан» болып сайлаған, яғни ол үшін арнайы жаңа атақ ойлап тауып, «көшпелі император» деген сөздің теңдесі. Сонымен, Жамұқа мен Темүжін арасындағы күрес «конфедерат» пен «императоршы» арасындағы, немесе «даланың бостандық» жақтаушысы мен «далалық мемлекетші» арасындағы күрес болған.

Бұл қарсылықтың нәтіжесін бәріміз жақсы білеміз – «прогрессивті императоршы» Шыңғысхан Жамұқа-гурхан мен оның «консервативті» жақтастарын талқандап, өз заманының әлемдегі ең ұлы мемлекетті әрі барлық замандағы ең қуатты көшпелі мемлекетті құрған. Жамұқаның дала руларының еркіндігі мен теңдігі туралы ой-пікірлері толығымен жеңіліп, ал «мемлекет қайраткері» Темүжіннің шындығы жеңіп шыққан сияқты еді. (Сонымен бірге, қайшылықты түрде, Темүжін мемлекетінің негізін дәл «казаклар» құрған - бұрынғы билеушілерінен көшіп, рулық міндеттерін айналып өтіп, жүректерінің дауысы бойынша Шыңғысхан жағына өткен көшпелілері).

Алайда кейінгі оқиғалар көрсеткендей, ұлы Шыңғысхан да даланың азаттығын мәңгілікке тыныштандыра алмады. Қарапайым көшпелілер ғана емес, рулық тектілердің қолдаумен «Әлемді жаулаушының» ұрпақтардың арасында орталықсыздандыратын үрдістері басталған, сонымен Шыңғысхан империясы ұзаққа бармады. Одан кейін данышпан билеушінің қайратымен біріккен Еуразиялық Көшпелі Өркениеті бірте-бірте өзінің үйреншікті күйіне орала ұмтылған, сонымен қатар бітпейтін бөлшектену жүрісі басталған.

Бір қызығы - бұл текетірес Қазақ хандығының тағдырында көрініс тапқан. Тарихтан белгілі болғандай, қазақ хандарының билігі мұндай берік болмаған. Бұл қазақ хандарының басқа бергі орта ғасырлардағы және Біздің заманымыздың басындағы туыстас көшпелі моңғол халықтарының (монғолдар, ойраттар, қалмақтар) хандарынан айырмашылығы. Бергі қазақ хандарының билігі солқылдақ болған, ол үшін олар үнемі күресіп, оны берік ұстана алмаған. Қазақтар өз хандарын тек шыдап, тіпті жақсы көрмеген еді.

Бұл тұрғыда, қазақтағы Шыңғысхан тұқымы өте қиын сыбаға алған. Мысалыға, моңғолдағы Шыңғысхан ұрпақтары ішкі күресте көбінесе бір-бірімен соғысса, ал қарапайым халық салыстырмалы түрде заңды сыйлайтын болған. Ал қазақтағы Шыңғысхан ұрпақтары бұған қоса, қазақ тайпаларының «дала азаттығына» тәуелді болған. Қазақтардың «қазақ» деп аталуы бекер емес – азаттық өмір сүйгіш салтының жалпы атауы этнонимге айналып, бүкіл халыққа атау берген. Бұл Ұлы Даланың «қазақлық» дәстүрінің қалдықтарын ең ұзақ сақтаған халқы.

Сонда Шыңғысхан «қазақ» болды ма, болған жоқ па? Ежелгі «қазақлық» ұғымы тұрғысынан «иә» дегеннен гөрі «жоқ» деуіміз қажет. Дегенмен, оның жеке тағдырында да, Шыңғысхан империясының құрылуында да «қазақлық» орасан зор рөл атқарған. «Қазақлық» болмаса, Шыңғысхан да, оның мемлекеті де болмас еді. Бірақ, дәл сол «қазақлық» осы империяның құлауында, ал кейін оның ұсақталуына өлімші рөл атқарды.

Данияр Байдаралы

Пікірлер