Қазақстанда импорттық өнімдер санкцияға байланысты 30-40 %-ға қымбаттайды – САРАПШЫ

2871
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда импорттық өнімдер 30-40%-ға қымбаттап жатыр. Бұл туралы Pinta, BAO және Bank желілерінің иесі Юрий Негодюк Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстан экономикасына әсері туралы жағдайды негізге ала отыра айтты.

«Біз жағдайды әлі сезген жоқпыз. Бір-екі аптадан кейін әсерін сезінеміз. Қазірдің өзінде өнімдерді жеткізушілерден хат алып жатырмыз. Өнім 30-40%-ға қымбаттап жатыр. Мысалы, лосось балығын 5,4 мың теңгеге алатын болдық. Ал қазір оның құны 8 мың теңге. Яғни, бұл қазірдің өзінде 20-30% өсімді көрсетеді», - деді Негодюк ҚазТАГ тілшісіне берген сұхбатында.

Оның пікірінше, баға бұдан да көтеріле бермек.

Жеткізу тізбегіндегі санкцияларға байланысты рубль бағамының құлдырауы аясында рестораторлар ресейлік және еуропалық өнімдері бар тағамдарды мәзірден алып тастау немесе оларды қымбаттату туралы шешім қабылдады.  Өйткені, бұл өнімдерді өзге өнімдерімен алмастыру мүмкін емес.

«Біз, әрине, мәзірдегі бағаны 30%-ға көтере алмаймыз. Әйтпесе,  бірден келушілердің ағынынан азайтамыз. Өйткені жалақы 30 пайызға көтерілген жоқ. Сондықтан түпкілікті бағаларды алғаннан кейін біз мәзірді қайта қарап, бағаны және шығындарды бір деңгейде ұстап тұру үшін кейбір қымбат өнімдерден бас тартуымыз мүмкін », - дейді ресторатор.

Қымбат өнімдердер, яғни зәтүн майы мен пармезан ірімшігі Еуропадан келеді. Ал көкөністер мен жемістер Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайдан жеткізілді. Бұл елдерде баға әлі көтерілген жоқ. Ресторатор айтуынша, көкөніс маусымы екі айдан кейін басталады.

«Менің ойымша, еуропалық және ресейлік өнімдерді пайдаланатын мейрамханалар зардап шегеді. Біріншісі – теңгенің құнсыздануына байланысты. Мәселен, мейрамханалар Ресей арқылы алатын норвегиялық лосось балығына қазір тыйым салынған. Логистикаға байланысты оның құны қымбаттауы мүмкін. Алайда бұл өнімді мәзірден азайтамыз немесе басқа балықпен ауыстырамыз», - деп түсіндірді ресторатор.

Оның пікірінше, Қазақстандағы еуропалық өнімдер теңгенің құнсыздануы деңгейінде қымбаттайды. Теңге 15 %-ға арзандады, яғни ірімшік 15 %-ға қымбаттайды деген сөз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер