Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланды

5030
Adyrna.kz Telegram
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1986 жылы Бейжіңде түсірілген суретін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
«Сіз білесіз бе, Қазақстан Президенті үстел теннисін ұнатады. Ол кезінде Қазақстанның Үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған. Суретте сол кездегі Қазақстанның болашақ Президентінің дипломатиялық корпус арасында үстел теннисінен ұйымдастырылған турнирге қатысып жатқан сәті», - делінген баспасөз қызметінің «Борт №1» Telegram каналына жариялаған хабарламасында.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер