Ринат Кертаев "Аманат" партиясының хатшысы болып тағайындалды

955

Ринат Кертаев «Аманат» партиясының хатшысы болып сайланды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен Ринат Думанұлы Кертаев «Аманат» партиясының хатшысы болып тағайындалды.

Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

2006 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді. 2022 жылдың ақпан айынан бері Кертаев агенттіктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

«Аманат» партиясының жаңа логотипі таныстырылды

1 наурызда өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партияның атын Аманат деп өзгерту туралы ұсынысын айтты. «Нұр Отан» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.

Аудармада аманат сөзі бабалар өсиеті, келешек ұрпаққа аманат деген мағынаны білдіреді.Аманат – халқымыздың мәдениетінде ерекше мағынасы бар терең ұғым. Ол тәуелсіздіктің өшпес мұраттарын, құндылықтарын білдіреді. Ата-бабамыз аманат етіп қалдырған мемлекеттілігіміз, ұлттық бірлігіміз, ұлан-ғайыр өлкеміз. Біз осы баға жетпес мұраны сақтап, нығайтуға тиіспіз. Бұл біздің өткен және болашақ ұрпақ арасындағы қасиетті парызымыз», - деді Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket