Қазақстанда қант тапшылығы бола ма?

2283
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жасалды, - деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

"Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары жеткілікті", - делінген хабарламада.

Елімізде  жеткізушілердің географиясын кеңейту мақсатында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүріп жатқаны да айтылды.

"Қазақстанда биыл тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар", - деп нақтылады министрлік.

Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің "айналым схемасын" пайдалануды көздеп отыр.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер