Мұғалімге ауыр сөз айтып балағаттаған оқушының видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

3794
Adyrna.kz Telegram
11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылғы оқушы мұғаліммен сөзге келіп, дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арызданған, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл оқиғаға байланысты БҒМ түсініктеме берді.

«Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды, — деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған.

«Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады», —  делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге балағат сөздер айтып, дауыс көтергендігі туралы видео тарап кеткен болатын.

Пікірлер