"Тасмағамбетов қаржы жымқырды" - Бас прокуратура түсініктеме берді

3079
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура "Тасмағамбетовке қатысты тергеу жұмыстары туралы" ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу тобы И.Н.Тасмағамбетовке қатысты оның «Astana LRT» ЖШС-да қаржы жымқыруға қатысы бар фактісі бойынша тексеру жүргізгені туралы хабарлама таралуда.

Бас прокуратура бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды.
Біз азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

Иманғали Тасмағамбетов директорлар кеңесінің мүшесі, 2021 жылдың маусымында КАМАЗ тәуелсіз директоры болып сайланды.

Тасмағамбетов 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі, 1995 жылдан 1997 жылға дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ әртүрлі уақытта Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президенттің Бірінші көмекшісі қызметтерін атқарды. 2002 жылы премьер-министр, 2003 жылы мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Кейін Алматы қаласының әкімі (2004-2008), елорда әкімі (2008-2014) болды.

2014 жылдың 22 қазанында Тасмағамбетов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Премьер-Министрдің орынбасары болды. 2017 жылдың 3 ақпанынан бастап Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елші қызметін атқарды. 2019 жылы желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер