Президент әкімдерге тапсырма берді

2772
Adyrna.kz Telegram
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізіп, оларға тапсырма берді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы  Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, Президент Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Олар әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек, сондай-ақ аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет.

Бұдан бөлек, Үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыруды міндеттеді.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер