Қазақстан мектептерінде мектеп бітіру салтанаты 15 маусымда өтеді

2876
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мектептерінде бірыңғай  мектеп бітіру салтанаты - 15 маусымда өтетін болып бекітілді. Бұл салтанатты мереке Астананың 20 жылдық мерейтойына арналмақ. Бұл туралы  білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев блогында хабарланды.

"2018 жылдың 15 маусымында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты мереке өткізіледі. 2017-2018 жылғы түлектерге осы күні аттестат тапсырылады. Астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты бітіруші түлектерге  арнайы "Ел жүрегі - Астана" Концепциясымен салтанатты кеш ұйымдастырылады - дейді министр

________________________________________________________________________________________________________________________________

Today.kz


Пікірлер