Елбасының шешімімен Данияр Ақышев қызметінен босатылды

4814
Adyrna.kz Telegram

Данияр Ақышев қызметінен кетті. Бұл туралы elbasy.kz жазды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды»,— делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақышев бұл қызметке 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған еді. Оған дейін ол Ұлттық банктің төрағасы болды.

Пікірлер