Желіде жаңа iPhone-ның суреттері пайда болды

2506
Adyrna.kz Telegram

Дереккөздер Apple осы қыркүйекте iPhone-ның төрт жаңа моделін таныстыруды жоспарлап отырғанын растайды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

6,1 дюймдік iPhone 14; 6,7 дюймдік iPhone 14 Max; 6,1 дюймдік іPhone 14 Pro және 6,7 дюймдік iPhone 14 Pro Max 2022 жылдың қыркүйегінде шығарылуы мүмкін.

Дереккөз Интернетке тараған сызбалар негізінде жасалған 6,1 дюймдік iPhone 14 Pro-ның жоғары сапалы суреттерін жариялады. Алдыңғы камера мен Face ID сенсорлары екі кесіндіге ауыстырылғаны анық көрінеді.

Сопақша кескіні селфи камерасы мен инфрақызыл камераға арналған, ал дөңгелегі - нүктелік проекторға арналған. Соңғы екі модуль Face ID пайдаланушыны тану жүйесі үшін қажет.

Ел аузындағы бір нұсқаға сәйкес, смартфон негізгі 12 мегапиксельді камераны алмастыратын және 8К бейне жазуға мүмкіндік беретін 48 мегапиксельді жаңа сенсорды қамтиды. Сондай-ақ Apple 12 мегапиксельді кескін сенсорын сақтайды деген болжамдар бар.

iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max жаңа Apple A16 Bionic SoC және кез келген басқа iPhone-ға қарағанда көбірек жедел жадымен жабдықталған болуы керек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер