Резервтен олимпиадашыларға 60 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы бөлінбек

2163
Adyrna.kz Telegram

Резервтен олимпиадашыларға 60 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы бөлінбек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадашылар, сондай-ақ олардың жаттықтырушылары Үкіметтің резервтерінен біржолғы төлемдер алады.

Бұл спортшылардың дайындығын «жаңа, сапалы жоғары» деңгейге көтеруге және жаттықтырушыларды «мәселелерді шешуге» шоғырландыруға ықпал етуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өткен соңғы Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан жүлдесіз қалды. Паралимпиада ойындарының қатысушысы Александр Герлиц парабиатлонда көрсеткен нәтижелері үшін елге қола медаль әкелген болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер