Қырғызстанда Ресейді қолдау мақсатында митинг өтті (ВИДЕО)

6618
Adyrna.kz Telegram

Наурыздың 22-сі күні Бішкектегі Горький алаңында Ресейді қолдау митингі мен концерт өтуде. 150-ге жуық адам жиналды, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Ұйымдастырушылар Ресей мен Қырғызстанның тулары бейнеленген сахна орнатты.

Акцияның ұйымдастырушысы Кубанычбек Бейшенбек ұлының АКИpress агенттігіне хабарлауынша, шара «Ресейдегі қырғыз мигранттарын қолдау мақсатында» өтіп жатыр. Ол бұл акцияның Украинада болып жатқан оқиғаларға еш қатысы жоқ екенін алға тартады.

Өзге ұлт өкілдері қырғыз елінің ұлттық киімі мен туын ұстап Ресейліктерге қолдау білдіруде.

Ол сондай-ақ Ресей елшілігі мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуынсыз «өздерін» ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Бұрынғы депутат Евгения Строкова өз сөзінде Ресейдің Украинадағы «арнайы операциясын» қолдайтынын айтқанын болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер