Орталық саябақта Наурыз мерекесі тойланып, ұлттық ойындар ұлықталды

3520
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте ұлыстың ұлы күні Орталық саябақта «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасы дүркіретіп тойланды. Қатарласа тізілген киіз үйлерде дастархан жайылып, қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар қойылды. Ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу ойындарын көрермендерде аса қызығушылықпен тамашалады.

Мерекеге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова қатысып, киіз үйлерді аралады.
Іс-шара аясында Мұрат Дүйсенбекұлы бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, болашағына ақ жол тіледі. Сондай-ақ шаһар басшысы асық ату өтіп жатқан алаңда асық ойнап, бағын сынап көрді.

Наурыз мерекесінде қалалық білім басқармасына қарасты мекемелер қолөнер бұйымдары көрмесін өткізді. Дәстүрлі мереке концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер