Ол - жалғыз, біз - екеуміз….

2172
Adyrna.kz Telegram

Жаз... Жайлау... Екі қыз, бір жігіт... Екеу болған соң шығар, қу қыздар сәл еркіндеу. Ал жігіт бейбақ... аузынан сөзі қашып, абдырап, берекесі кетіп, басын көтере алмай, қос қолын қайда сыйғызарын білмей қиналады. Қазіргі кезде мұндай боркемік бозбаланы шам алып іздесең де таппассың. Қос бойжеткеннің ортасында тұрған ұяң мінезді ұлдың осы кейпі қандай әдемі! Бұл - ұлдың ғана әдебі емес, ұлттың да әдебі деуге келер. Сезім. Әдеп. Тазалық... Аспан куә, жер куә, дала куә... Осындай да заман болған...

Қызық, өзге әріптестерінің түсіргені сурет боп таңбаланса, фототілші Болат Омарәлиевтің қарауылға іліктірген әр кадры өзегіне ой тұнған көркем шығарма болып шығатыны несі?!
Шеберлік, сені қайтейін!
Екі аттың ортасы...
Екі оттың ортасы...

Бауыржан Омарұлы

Пікірлер