"Еркектерді өздері тартқан": зорланған қыздардың өзін кінәлаған блогердің сөзі жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

3736
Adyrna.kz Telegram

Желі қолданушылары қазақстандық актриса әрі блогер Әсел Асқардың зорланған қыздар туралы мәлімдемесін талқылап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тараған видеода блогердің онлайн курсынан үзінді көрсетілген. Бейнежазбада ол жәбір көрген кішкентай қыздардың «жыныстық қуаты артып кеткенін» айтады.

«Себебі олар осы жаста-ақ еркектерді өзіне тартатын», - дейді видеода Әсел Асқар.

Оқырмандар миллионға жуық жазылушысы бар блогердің мұндай мәлімдемесін жақтырмады.

Алайда, Әсел Асқардың өзі Instagram желісіндегі парақшасында бұл сөз тіркесінің контекстен алынып тасталғанын, оның не туралы айтып тұрғанын түсіну үшін бейнероликті толық көру керектігін түсіндірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер