EXPO тұрғын үйлері пайдалануға беріледі.

2349
Adyrna.kz Telegram

Астана EXPO аумағындағы паркингі бар үйлер 2018 жылдың 1 маусымынан бастап сатылымға шығады, деп хабарлайды  Tengrinews.kz

«Бәйтерек девелопмент» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусымнан бастам «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Бәйтерек девелопмент» Астанадағы EXPO территориясында орналасқан тұрғын үйлерді пайдалануға береді.

Пәтерлер мен паркинг нарық бағасымен сатылады.

«EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде шетелдік делегациялар тұру үшін Астанада 2016 жылы 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік Ұлттық қор мен жобалық компаниялардың инвестицияларының есебінен салынды. Енді мемлекет ақшасын қайтару мақсатында, тұрғын үйлер сатылады», - деді «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

EXPO тұрғын үй алабындағы пәтерлерді кез келген адам қолма-қол ақша төлеп және еліміздегі екінші деңгейлі банктер немесе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы несие рәсімдеп алуға болады.

Өсербаевтың айтуынша, EXPO тұрғын үйлері сатылымының әділ болуы үшін жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінім Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда аталған платформа әзірленіп жатыр.

__________________________________________________________________________________________________________________
baq.kz

 

Пікірлер