Сапарбаев босатылып, інісі Қызылорда облысының әкімі атанды

2349
Adyrna.kz Telegram

«Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Ақорда сайтында.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013 жылы Қызылорда қаласының әкімі болды.

2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Қызылорда облысының жаңа әкімі — Бердібек Сапарбаевтың інісі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер