Айдын Тоқсанбаева: Баламның оң көзіне жасалатын отаны дәрігерлер сол көзіне жасап қойды (ВИДЕО)

3886
Adyrna.kz Telegram

Танымал блогер Тоқсанбаева Айдын баласының көзіне ота жасау кезінде үлкен қателік кеткенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Блогер инстаграм парақшасына видео жариялап, жағдайдың қалай орын алғанын түсірдірді.

“Мен Тоқсанбаева Айдын, балам Тоқсанбай Асылжанмен бірге квота арқылы Манас 40 мекен-жайдағы ауруханадамын. Баламның оң көзінде киста бар деп, оның тамырын алу үшін отаға жіберген. Барлық қажетті құжаттардың барлығын жинап, осында келдік. Түннен бастап, ештеңе жегізбей, отаға дайындады. Ал таңертең операцияны оң көзіне емес, сол көзіне жасап әкелді”,- деді ол видеода.

Баланың сол көзі емес, оң көзінде ақау болған. Алайда дәрігерлер сол көзіне жасаған. Анасы Айдын, басқа өңірлердегі дәрігерлермен хабарласып,мына жағдайдың қаншалықты дұрыс екенін анықтаған. Барлық дәрігер “мүмкін емес” деп жауап берген.

Отаға жолдау қағазында оң көзі деп жазылғанын көрген дәрігерлер сөздерінен жалтара бастаған.

“Нархозға жатқан кезінде біз тексердік, оң көзі таза, сол көзінде ақау болды”,- деген.

Блогер Айдын Тоқсанбаева дәрігерлердің біле тұра қателік жасағанына қатты ашулы.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер