Соғыс: шығын қанша?

860
Adyrna.kz Telegram

Ресей басқыншылары Украинаға басып кірді. Қарулы қақтығыстармен қоса ақпараттық соғыс та болып жатқандығы барлығына белгілі. Ал ақпараттық соғыста цифрлардың бұрмалануы таңғалатын нәрсе емес. Ендеше бүгін Украина, Ресей билігінің берген ақпараттары мен тәуелсіз сарапшылардың ақпараттарын сараптайтын боламыз.

Укрина билігі 24-ақпаннан бері белсенді түрде Ресей басқыншыларының әскери шығындарын жариялауда. Украина билігінің 17- наурыздағы статистикасына сенсек Ресей тарапынан қаза тапқандардың саны 14 000 әскериді құрайды. Оның ішінде: 88 ұшақ, 108 тікұшақ, 11 тактикалық деңгейдегі ұшқышсыз ұшу аппараттары, 43 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, 72 MLRS жүйесі, 201 артиллериялық жүйе, 444 танк, 1435 бронетранспортер, 10 арнайы техника бірлігі, 864 жауынгерлік машина, 1 жанармай цистернасы, 2 кеме. 12-наурыз күні Украина президенті Владимир Зелинский Украина тарапынан 1300 әскеридің опат бооғанын айтқан болса, ал, Ресейдің Қоғаныс Министрлігінің өкілі Игорь Коншенков тек 2- наурыз күні әскери шығын жайлы айтты. Конашенков Украина билігінің мәлімдемесінен тек 498 әскеридің өлімі мен 1597 адамның жараланғанын ғана мойындады. Ал, әскери техника шығыны жайлы сөз қозғалған жоқ. Бұл Ресей билігінің алғышқы және әзірге ең соңғы мәлімдемесі. Бүгін әлеуметтік желілерде «Украина билігі Ресейдің істен шыққан техникаларын жөндеуден өткізіп өздеріне қарсы қолданып жатыр» деген ақпаратта тарауда. Ал шет елдік сарапшылар басқа пікірде. 13-Наурыз күні Америкалық сарапшылары CNBC арнасында берген сұхбатында Ресейдің әскери шығынын 4000-6000 әскери қаза тапты деп жариялады. Ал, 17- Наурыз күні The New York Times баслымы Ресей басқыншылары тарапынан қаза тапқан әскерилердің саны 7000, ал жарақат алған әскерилердің саны 14-21 мыңды құрады деп хабарлады. Еске сала кетейік бұл Американың 20 жылдық соғыстағы әскери шығынын көп.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер