«Жеңіс туын желбіретіп жеткен күн» мерекелік концерті

3086
Adyrna.kz Telegram

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ 9 мамыр – Жеңіс күні аясында Театр өнерпаздарының қатысуымен «Жеңіс туын желбіретіп жеткен күн» атты мерекелік концерт өтеді.

Шараның мақсаты – жеңіс туының желбіреуіне үлестерін қосып, сұрапыл соғыста Отан үшін жан қиған бабаларымыздың, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге кейінгі ұрпақты тәрбиелеу.

Кеш барысында есімдері тарих бетінде алтын әріптермен жазылған қазақтың батыр ұл-қыздары Әлия мен Мәншүк, Баубек Бұлқышевтің естелік хаттарынан үзінділер оқылып, тарихта ерліктерімен із қалдырған бабалар рухын дәріптеуге арналған көрініске ұласады. Сонымен бірге, Театр өнерпаздары Алма Аманжолова, Қазыбек Әдікей, Санат Исаев, Айсәуле Қайырғазина, Жанаргүл Сәркенова, ШаттықУатқан, Нұрбек Жүзбембетов, Рауан Әбілбаев, Жасұлан Сақаев, Ерғали Ағайдаров және «Алатау серілері» тобы ән шырқайды. Театрдың «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (жетекшісі – ҚР-ның Мәдениет қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Марат Нүкеев) өнер көрсетеді.

Концертті ҚР Мәдениет қайраткерлері Марал Анарбек және Нәсіпжан Басшыбай жүргізеді.

  Өтетін күні: 2018 жыл, 5 мамыр, сағат 16.00

Мекен-жайы: Алматы қ., Алғабас–1  ықшам ауданы, 6 үй

Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77


«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер