Боранбаевқа тиесілі компанияның директоры қамауға алынды

2661
Adyrna.kz Telegram

Олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі «AlanParking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаевты сот қамауға алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабаилайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Тергеу сотының шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. Екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, AlanParking – бұл түрмедегі олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі RR2 ЖШС басқаратын ақылы автотұрақ операторы.

Ал Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевты 15 наурызда Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстаған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер