Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагерін елге шақырды

3000
Adyrna.kz Telegram
Фото:  Акorda
Фото: Акorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мен тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң перспективаларын атап өтті.

Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Ал тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.

Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер