Батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

2474
Adyrna.kz Telegram

№ 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов батут аударылып, зардап шеккен балалардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір баланы жансақтау бөлімінен травмотология бөліміне ауыстырдық, яғни екеуі профильдік бөлімшелерде. Үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Қазір ештеңе болжап айта алмаймын. Олар қаралып жатыр", - деді бас дәрігер.

Досмаиловтың айтуынша, балалардың жағдайын білуге Астана әкімі Әсет Исекешев келген.  Еске салайық, оқиға 4 мамырда болған еді. Уәлиханов көшесіндегі "Жаннұр" сауда үйінің маңында батутты жел аударып кеткен болатын. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, батут шамамен 20 метрге дейін ұшып кеткен.

___________________________________________________________________________________________________________________

tengrinews.kz

Пікірлер