Алматы облысының түлектері үшін туризм мамандығына 75 грант бөлінді

1901
Adyrna.kz Telegram

Өңір әлеуетінің өркендеуіне ықпал ететін саланың бірі -туризм. Ішкі туризімі қарыштап дамыған елдің экономикалық тұрғыдан еңсесі биік болары сөзсіз. Көркем табиғатымен ерекшеленетін Алматы облысында дәл осы бағыттағы жұмыстардың алға басуына ден қойылған. Тауы мен тасы, сыңғырлап аққан бұлағы, сарқырамасы, құмы мен шөлейті Жетісуда ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берері анық, бірақ, келушіге сапалы қызмет көрсетер маманның аздығы аталмыш саладан келер пайданың арнасын тарылтып тұрғаны жасырын емес. Бұл мәселені, Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева «Jetisy Media» алаңында айтты.

Пандемияға дейін Алматы облысына 1.100 млн. турист саяхаттап келген, өткен жылы бұл көрсеткіш 2 млн. 200 адамнан асып жығылған болатын. Ағымдағы жылы да келуші адамдар саны көбеймесе азаймақ емес деп жоспарланып отыр. Өңірге ағылатын саяхатшылардың санын артыру мақсатында біршама инвестициялық жобалар іске асырылуда. Осының аясында Балқаш көлі жағалауы, Ұлттық табиғи парктер аумағындағы нысандармен қатар, аймақтағы тау класстерлерін дамыту жолға қойылған.

Бір ғана Балқаш көлінің жағалауындағы су және кәріз жүйесін жасап шығуға 5 млрд. теңге қаржы қажет екенін ескерсек, бастапқы кезеңде бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға 40 млрд.теңгеден астам қаржы керек. Басқарма басшысның айтуынша, алдағы таңда жоспарды орындау үшін республикалық бюджетке сұраныс жіберілмек.

Көрсе көз тарататын нысандар келушінің көңілін аулары анық, алайда көрсетілетін қызмет сапасы мен білікті маман болмаса, туристерді еліту оңайға түспесі анық.

«Облыстағы туризмнің қызмет көрсету саласында мамандар тапшылығы қатты байқалады. Бізде нұсқаушылар, экскурсия жүргізуші, гидтерге қонақ үй және тамақтану саласындағы қызметкерлерге сұраныс көп»,-деп атам өтті Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева.

Өңірдегі өзекті мәселенің шешіміде жоқ емес. Елімізде туризм саласында еңбек ететін кәсіби маманды даярлайтын «Халықаралық Туризм және меймандостық университеті» сапалы білім алу және қызмет көрсету үшін ЖОО қабырғасында оқуды ұсынады. Университетте практикалық оқыту 60% - ға басым, сондай-ақ оқу озаттары шетелде: Испанияда, Швейцарияда, Түркияда, Ресейде, Австрияда және т.б. елдерде тағылымдамадан өте алады.

«Біздің негізгі мақсатымыз - Грекия немесе Испания сияқты экономикаға қол жеткізу, онда туризм ЖІӨ - нің 14% – ын құрайды», - деді «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрайымы-ректоры Майнұра Мырзамадиева.

Айта кетейік, бүгінгі күні туризм саласында білім алғысы келетін жастар үшін арнайы 800 грант бөлініп отыр. Олардың 75-і Алматы облысына тиесілі

Пікірлер