Ақтөбеде алаяқ бір тәулікке жалдаған пәтерін басқаларға бір айға беріп отырған

2150
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбеде алаяқ бір тәулікке жалдаған пәтерін басқаларға бір айға беріп отырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 
30 жастағы ер адам үш тәулікке пәтер жалдап, кейін суреттерімен ұзақ уақытқа жалға беріледі деп хабарлама берген.
Баспана іздеген адамдар хабарласқан уақытта ер адам саудаласпай, пәтер ақысын алдын ала алып, басқаларға бірден пәтерді жалға беріп отырған.
35 жастағы жергілікті тұрғын сайттағы хабарламаны көріп, пәтерді 60 мың теңгеге жалдап тұруға келіседі. Бірақ пәтер иесінің басқа адам екенін білмеген.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында алаяқты анықтап, ұстады. Ер адам осыған дейін үш адамды алдағаны анықталды.
Аталған дерек негізінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер