Coca-Cola сотқа берді: Ресей RuCola сусынын шығармақ

2341
Adyrna.kz Telegram

Жақында Ресейде Coca-Cola сусынының орнына RuCola шығарыла бастайды. “Напитки из Черноголовки - Аквалайф” компаниясы роспатентке тіркеуге өтініш те беріп қойғанын жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

RuCoLa брендімен газдалған сусындарды ғана емес, шырындар мен лимонадтарды, сондай-ақ, айран әрі тағам өндіріп, сатуға болады.

Черноголовка қазірдің өзінде КСРО кезінде Coca-Cola және Pepsiдің аналогы ретінде жасалған «Байкал» сусыны шығарылады, дейді мамандар.

Қалалық ақпарат агенттігі Coca-Cola компаниясы RuCoLa-ны тіркеуге жол бермеу үшін сотқа шағым түсіріп қойғанын жазды.

Өткен жылы Coca-Cola өзінің Fantola бренді үшін Черноголовканы сотқа берген болатын. Американдық корпорация сауда белгісі оның “Fanta” сусынына ұқсас деп есептеді. Сот талап арызды қанағаттандырмады.

Наурыз айының басында Coca-Cola Ресейдегі жұмысын тоқтататынын хабарлаған еді. Содан кейін Мәскеудегі бас кеңсе сусындардың сатыла беретінін түсіндірді, бұл тек маркетинг пен жаңа жобаларға инвестицияны тоқтату туралы айтылған мәлімдеме болып шықты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер