Қырғызстаннан Қазақстанға тез дайындалатын кеспе деп, заңсыз алкоголь өнімдерін өткізбек болған

3779
Adyrna.kz Telegram
Фото: 161.ru
Фото: 161.ru

Тез дайындалатын кеспе өнімдерін желеу етіп, Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз алкоголь өнімдерін өткізбек болған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Айша-бибі» шекара заставасында Қырғызстан азаматтары мінген екі ауыр жүк көлігін ұстады.

«Автокөліктерді тексеру барысында Қазақстанға алкоголь өнімдерін заңсыз әкелу фактісі анықталды. Ол - 25 920 бөтелке «Парламент» және «Антивирус» арақтары. Бұл ретте жүк партиясы Big Bon тез дайындалатын кеспенің желеуімен тасымалданды. Алдын ала қорытынды бойынша ұсталған алкоголь өнімінің партиясының жалпы құны 25 млн 660,8 мың теңгені құрайды. Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер