Ресейде 500 үй өртеніп кетті (ВИДЕО)

6056
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/b277b272-8bb8-4e7d-af21-0873cca7ac30.jpeg
Ресейдің Красноярск өлкесінде орман өрті салдарынан 500 үй өртеніп, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Өңір губернаторы Александр Усс төтенше жағдай режимін жариялады. Айтуынша, жалын 1 мың гектар жерге жайылған.
«Таңертеңнен бері жағдай губернатордың бақылауында. Кей жерде 40 м/с-қа дейін жететін қатты желдің әсерінен сымдар үзілді. Сол себепті өрттің алдын алу үшін бірнеше елді мекен электр қуатынсыз қалды», - деді аймақ басшысының баспасөз қызметі. Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии