НАТО-ның Ресей мен Қытайды «әскери қоршауға алу» жоспары анықталды

2824
Adyrna.kz Telegram
Фото: 27r.ru
Фото: 27r.ru

НАТО Ресей мен Қытайды Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдермен жаңа әскери келісімдер арқылы қоршауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мультиполярист журналисі Бенджамин Нортон жазады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналист жазбасында атап өткендей,  Солтүстік Атлантикалық альянс Югославия, Ливия және Ауғанстанды жойып жіберсе, енді Мәскеу мен Бейжіңге көз тігіп отыр. АҚШ бастаған блок Украинаны қару-жарақпен толтырып, әсіресе, оңшыл содырларды дайындады. Сондай-ақ,  екі қарсыласын қоршау үшін Азияға қарай кеңейді, деп атап өтті автор.

Нортон 6-7 сәуірде альянсқа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Брюссельде өткен кездесуінде НАТО-ға кірмейтін бірнеше еуропалық елдердің (Грузия, Финляндия және Швеция) өкілдері болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландия шенеуніктері де болған.

«АҚШ қырғи-қабақ соғысты ушықтырады. Сондықтан Солтүстік Атлантикалық альянс осы Азия-Тынық мұхиты державаларымен әскери ынтымақтастықты тереңдетуде», - дейді бақылаушы.

Батыс бірнеше рет уәдесін бұзып, Мәскеуді әскери жағынан қоршап тұрған Ресей шекараларына дейін кеңейді. Енді Вашингтонның мақсаты – барлық жаққа және Бейжіңге таңу, деп түйіндеді шолушы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер