"Қолбасшылық қасиет көрсетпеді": Экс-қорғаныс министрі Бектанов 15 жылға жазаланады

4083
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/d7a15207-3259-47d2-95fe-d1aa7ae31b79-960x500.jpeg?token=8365b476060839a71f96be9e5e6ac38c
Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов  ұрыс жағдайында билікті асыра пайдалану  бойынша, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұған дейін ведомство экс-министрдің қаңтар оқиғасы кезіндегі "әрекетсіздік фактісі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.
«Министр Бектанов қолбасшылық қасиет көрсетпеді. Қолымызда командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар кезінде жақсы нәтиже көрсеткен армия болғандықтан, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмай, сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті әкелу қажеттігін түсіндіргенде.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии