Әзірбайжан мен Армения бейбіт келісімге келуге дайын

3144
Adyrna.kz Telegram
Фото: worldbulletin.net
Фото: worldbulletin.net

Әзірбайжан Армениямен қарым-қатынасын қалыпқа келтіргісі келеді және бейбіт келісімге қол қоюға дайын. Бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бакуде Литва Республикасының Президенті Гитанас Науседамен кездесуінде Әлиев Әзірбайжан тарапының араздық бетін бұруға ниетті екенін баса айтты.

«Біз аймақтағы жағдайды, Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үдерісін кеңінен талқыладық. Әзірбайжаннан кейін президент Арменияға баратынын білемін. Осы сапар аяқталғаннан кейін нақты шешім өабылданатынына сенімдімін. Бірақ біздің ұстанымымыз айқын. Біз Армениямен бітімгершілік келісімге қол қойғымыз келеді», — деді Әлиев.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян да ел парламентінің отырысында Әзірбайжанмен тез арада бейбіт келісімге қол қоюға ниетті екенін мәлімдеген.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер