Утильалым: мөлшерлеме төмендетілді

2853
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін утильалым шетелдік көлік елге кірген уақытынан бастап есептелетін еді. Утильалымға байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Министрліктің ресми өкілі Беркінбаевтың сөзінше, 2022 жылдың 14 мамырына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің бұған дейін утильалымы төленбеген болса, 23 мамырдан бастап жаңа төмендетілген мөлшерлемемен төлеуге болады. Ол үшін тек тиісті мекемеге өтініш жазу керек.

"Енді елге кірген көліктердің утильалымы кірген уақытына емес, утильалымға өтінім берген күннен бастап есептелетін болды" – деді ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізген еді. 14 мамырдан бастап Қазақстанда утильалымның жаңа төмендетілген мөлшерлемесі күшіне енген. Бұрынғы утильалым мөлшерлемесі бірден 50 пайызға төмендеді.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер