Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте көз жұмды

3317
Adyrna.kz Telegram
Фото: jasqazaq.kz
Фото: jasqazaq.kz

Шымкенттегі жарылыс кезінде жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жарылыс кезінде перзентханада 189 науқас пен 65 қызметкер болғанын хабарлады.

Жарылыс кезінде күзетші және жаңа туған нәресте қайтыс болды. Салмағы 790 г нәресте  18 күн бұрын дүниеге келген.

Жарылыс салдарынан, 8 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер