Шымкентте футбол ойыны кезінде стадионның шатыры ұшқан

2758
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/917a3f37-dcff-42d3-9420-f2935ed358bd.jpg
Бүгін кешкі сағат 21:20-да Шымкент қаласында "Ордабасы" - "Ақсу" командалары арасындағы футболдан матч кезінде қатты желден Қажымұқан стадионындағы бас ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс қызметі хабарлағандай, желдің жылдамдығы 20м/с-қа жеткен. Желден ұшқан шатырдың аумағы шамамен 400 шаршы метр болады. Жалпы ауданы — 900 шаршы метр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметі қызметкерлері құлаған шатырды жинап жатыр.  

"Адырна" ұлттық порталы.

 
Комментарии