Баласына төрт қойғаны үшін мұғалімді сотқа берді

3329
Adyrna.kz Telegram
Фото: dauletten.kz
Фото: dauletten.kz

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ерекше істі қарады. Бұл туралы Павлодар облысының МАӘС баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мектеп оқушысының анасы сотта бір пәннің бағасын қайта қараудан бас тарту туралы шешімге қарсы шыққан. Нәтижесінде, сотта оқушының жартыжылдық қорытынды бағасы бойынша төрттік баға негізсіз қойылғаны анықталған. Сондай-ақ, 1 жыл ішінде оқушыға осындай баға қойылып келген екен.

Сот іске Білім және ғылым министрлігі өкілін қатыстырған. Министрлік өкілі бағалау орташа арифметикалық есеп бойынша қайта қаралуы қажет деп тапқан.

Ал сот тараптарды татуластырып, мектеп комиссия отырысында оқушының даулы бағасы қайта қарауға міндеттелді. Осылайша, сот баланың құқықтары мен мүддесін қорғады.

Сот ісі екі тарап татуласқанына байланысты тоқтатылған. Медиатив келісімді жауапкер қысқа мерзімде орындады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер