«Дала сазы» ұлттық муызка мектебі шақырады

3010
Adyrna.kz Telegram

 Сүйінші! «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қасынан «Дала сазы» атты ұлттық музыка мектебі ашылды. Бұл жоба көптеген аспаптарды еркін игерген белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген үздік үстазы Нұргүл Әкімқожинаның жетекшілігімен жүзеге асып отыр. Бүгінде Нұргүл Әкімқожина тәрбиелеген көптеген шәкірттер әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп жүр. Мысалы, танымал "Арнау" фольклорлық-этнографиялық ансамблі осы Нұргүл Әкімқожинаның ұйымдастыруымен, тәрбиелеуімен өмірге келген еді. 

«Дала сазында» домбыра, үш ішекті домбыра, қыл қобыз, жетіген, адырна, саз сырнай, сыбызғы, халық әні (дәстүрлі ән), фортепиано үйірмелері жұмыс істейді.

Балаларыңыз ұлттық саз аспаптарын үйреніп, өнерлі болғанын қаласаңыз, қапы қалмаңыз. Өнерімен ерекшеленіп, үздік оқыған балаларды концерттер сахнасына шығарып, телеарна эфирлерінен көрсету жағы да қарастылады.

Үйірмеге жазылу үшін adyrna@bk.ru электронды почтасына хат жазып тіркелуіңіз керек.


"АДЫРНА" ұлттық порталы

Пікірлер