Көкшетауда мектептен табылған жарылғыш затты оқушы жасаған

2011
Adyrna.kz Telegram
Фото. ашық дереккөз
Фото. ашық дереккөз

Ақмола облысының полиция департаменті Көкшетауда қала мектептерінің бірінен табылған жарылғыш затты мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "24.kz"-ке сілтеме жасап.

"Полиция қызметкерлері жарылғыш затты мектеп оқушыларының бірі (№2 ЖОМ) жасағанын анықтады. Мұндай әрекеттің себебі осы оқу орнында оқуды қаламаған", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство өкілдері бұл дерек бойынша одан әрі тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушыны профилактикалық есепке қою туралы мәселені шешіп жатыр", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Көкшетауда қала мектептерінің бірінен жарылғыш зат табылған болатын. Көкшетау Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға №2 мектепте болған. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланған.

 

 "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер