Жапониядағы аукционда екі қауын 23,5 мың долларға сатылды

1637

Жапониядағы аукционда 23,5 мың долларға «юбари»қауындары сатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Маусымдағы алғашқы аукцион Хоккайдо провинциясының орталығы Саппоро қаласындағы көтерме сауда базарында өтті. Бұл жолы қауындар былтырғы сатылымнан 22,5 есе қымбат болды.

Айта кетейік, екі юбариді балалар тағамын өндіруші Hokkaido Products сатып алған.

Юбари - маусымдық жапондық деликатес. Оны өсіру көп уақыт пен күнделікті күтімді қажет етеді. Қауын шамамен 100 күнде піседі. Ең тәтті жемістер жылына бір ғана жеміс беретін ағаштарда өседі.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket