Британия Украинаға зымыран жөнелтеді

2150
Adyrna.kz Telegram
Фото: censor.net
Фото: censor.net

Британия жаппай ату зымыран жүйесін Украинаға жөнелтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы https://t.me/a_juqanuly телеграмм каналы жазды.

Британдық үкімет Украинаға 80 шақырымға ататын M270 жүйесін жібермек.

"Жоғары нәтиже көрсететін реактивті жүйе украиндық достарымызды Ресейдің алысқа ататын, Путин режимі қолданып, қалаларды аяусыз қиратып жатқан артиллериясынан қорғайды", - деді елдің қорғаныс министрі Бен Уоллес.

Бұған дейін Украинаға АҚШ жібермек болған HIMARS және MLRS екеуі ұқсас келеді. Алысқа ату қашықтығы бірдей. Тек америкалық жүйе доңғалақпен жүретін жеңілдеу түрі.  Мысалы, HIMARS бір атқанда 6, ал MLRS — 12 зымыранды ата алады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер