Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да атыс болды

3581
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/c29f23d5-b6fe-4c6f-a653-2b7876dbacd8.jpeg
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған.
"Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды", - деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері.
Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екені нақтыланды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасып жатқанын айтты Қырғызстан шекара қызметі өкілдері.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии