Зеленский АҚШ мэрлерін Ресеймен байланыстарын үзуге шақырды

1857
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbk.ru
Фото: rbk.ru

Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарының мэрлерін ресейлік қалалармен қарым-қатынасты үзуге және бауырлас қала одақтарын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Украина мемлекетінің басшысы Америка Құрама Штаттары мэрлерінің жыл сайынғы конференциясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды «Украинформ» тілшісі.

«Әлем әртүрлі тиранияларды көрді. Әртүрлі уақытта. әртүрлі жалаулар астында. Ал олардың барлығын қарапайым халықтың құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптайтыны біріктіреді. Тирандар жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтары мен бостандықтарын мойындамайды. Ал бостандықты таңдайтын қалалардағы еркін адамдар тирандардың "тарихына" нүкте қояды. Ал оған нүкте қою үшін тирандардың еркін әлеммен байланысын пайдалануға жол бермеу керек», - деді Зеленский.

Ол Американың ондаған қалалары Ресей Федерациясының қалаларымен туыстастығын сақтап отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, Чикаго мен Мәскеу, Джексонвилл мен Мурманск, Сан-Диего мен Владивосток, Олбани мен Тула, т.б.

"Бұл байланыстар сізге не береді? Ештеңе де емес. Бірақ олар Ресейге мұндай соғыс басталғаннан кейін де оқшауланбағанын айтуға мүмкіндік береді», - деп қосты Украина президенті.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер