АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне жаңа үміткер ұсынылды

2114
Adyrna.kz Telegram
Фото: uz.usembassy.gov
Фото: uz.usembassy.gov

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметіне Даниэль Розенблюмнің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Президент Джо Байден өз әкімшілігінің негізгі басшылары ретінде мына тұлғаларды тағайындау ниетін мәлімдеді: Дэниель Н. Розенблюм - Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымына үміткер", - делінген хабарламада.

Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған.

2014 жылғы шілдеден 2018 жылғы шілдеге дейін Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша Мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер дипломатиялық миссиясын 2021 жылдың қыркүйегінде аяқтады. Былтыр қазаннан бастап АҚШ елшісі міндетін Джуди Куо атқарып келеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер