Ұлыбритания Украинаға M270 реактивты жүйесін бермек

2558
Adyrna.kz Telegram
Фото: misillery.info
Фото: misillery.info

Ұлыбритания Украинаға M270 реактивты дүркіндетіп ату жүйесін беретін болды. Оккупанттарға 80 шақырым қашықтықтан соққы беретін қаруды бертендерін Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Украинаға қарау-жарақпен көмек көрсетуі Ресейдің әскери тактикасына байланысты өзгеріп отыратынын айтты.

“Қашықтан соққы беретін М270 реактивті қаруы Украина қалаларын алыстан атқылап, қиратып жатқан орыс әскеріне қарқынды тойтарыс бере алады, – деді Бен Уоллес.

Ағылшындардың M270 жүйесін беруді АҚШ тарабы да қолдап отыр. Өйткені қарудың дәл осы түрін американың компаниялары өндіретіні белгілі. Сондықтан ағылшындар үшінші елге аталмыш қаруды  АҚШ-тың келісімімен ғана бере алады.

Ал Путин Батыс елдері Украинаға қашықтан соққы беретін қаруларды беруін тоқтатпаса, жаңа нысандарға соққы беретінін айтып, қорқытқан.

Бірақ Украинаны одақтастары Путиннің қоқан-лоқысына мән берген жоқ. Таяуда АҚШ Украинаға көресететін 700 млн долларлық әскери көмегіне ішіне HIMARS зымырандар кешенін енгізген болатын. HIMARS украин сарбаздарының қолына тиетін болса, оккупанттарға айтарлықтай тойтарыс беретіні анық.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер