Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

3974
Adyrna.kz Telegram
Фото: arasha.kz
Фото: arasha.kz

Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-те жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бүгін Алматы қалалық сотының судьясы, досым және әріптесім Біржан Кәрібжанов сот отырысынан шыққаннан кейін есінен танып қалған. Өкінішке орай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Ол небәрі 50 жаста еді", - деп жазды Жұмақанов.

“Адырна” ұлттық порталы Біржан Кәрібжановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер