Шарманов: "Қимыл-қозғалыстың аздығы семіздікке соқтырады"

2114
Adyrna.kz Telegram
Фото: news.kaznmu.edu.kz
Фото: news.kaznmu.edu.kz

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов ас ішкен соң көп қимылдау пайдалы екенін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Халқымыз ежелден-ақ етке құмар. Етсіз тамақты тамақ деп санамайтыны да рас. Бірақ, жемесе түсіне, жесе тісіне кіретін ет шіркіннің зияны басым екеніне көп адам назар аудармайды. Рас, ертеде ата-бабаларымыз жылқы баққан, атқа мінген, үнемі қимыл-қозғалыс үстінде жүрген. Соған орай еттің сіңімділігі де жоғары болған. Ал қазір ше? Тойып, талғамай ет жеп алған соң теледидардың, одан қалса компьютердің алдында сағаттап отырады. Қимыл-қозғалыс өте аз. Қимылдамағаннан кейін сонша ет қалай сіңеді? Оның соңы семіздікке соқтырады", —  деп жазды ол өзінің инстаграм парақшасында.

Айта кету керек, 92 жастағы академик өзінің парақшасында оқырмандар үшін үнемі пайдалы мәліметтер жазып, кеңестер айтып отырады. 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер