Әлем чемпионатында Ерасыл Омаров ел қоржынына қола медаль қосты

4415
Adyrna.kz Telegram

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ерасыл Омаров үшінші орынға ие болды, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Чемпионат Мексиканың Леон қаласында өтіп жатыр.

Отандасымыз Ерасыл қоссайыс қорытындысында  224 килограмм (100+124) жинады. 55 келіге дейінгі салмақта үндістандық Гурунаиду Санапатхи (104+126) әлем чемпионы атанса, Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджит (105+124) күміс медальді олжалады.

Осыған дейін Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан алғашқы медалін иеленіп, Александра Беленко 40 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілінген еді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер