Ақмола облысында екі жасар бала дәретхана шұңқырына құлап, мерт болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұланды аудандық полиция бөлімінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға бүгін, 14 маусымда болған.
«Бала жеке үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі таңда мән-жай анықталып жатыр»,– дейді мамандар.